Қазақ өнерінің "Тақиялы періштесі" дүниеден озды

Қазақ өнерінің "Тақиялы періштесі" дүниеден озды

ашық дереккөзі

 width= "Тақиялы періште" кинофильміндегі басты кейіпкер Тайлақтың рөлін сомдаған актер Әлімғазы Сұмағұлұлы Райымбеков 85 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  Қалмаханбет Мұқаметқали Facebook парақшасына сілтеме жасап. "Бақұл болыңыз, Тайлақ... Қазақ өнерінің "Тақиялы періштесі" атанған Әлімғазы ақсақалға уақыт болыпты", - деп жазған ол.  width= Әлімғазы Сұмағұлұлы 1936 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысында туған. Қазақстанның мәдениет қайраткері. Алматы облысының Құрметті азаматы. Қазақ кино әлемінде өшпес із қалдырған тұлға оннан астам фильмге түскен. Оның ішінде "Ән қанатында", "Қилы кезең", "Көгілдір такси", "Қан мен тер", "Тақиялы періште" сынды танымал кинотуындыларды атап өтуге болады. Әсіресе 1968 жылы түсірілген Шәкен Аймановтың танымал кинокомедиясы "Тақиялы періштедегі" Тайлақтың ролі арқылы көрермен қауымға етене таныс.

Жүктелуде...