Балаңа «тәйт» деуге тыйым салатын заң

Балаңа «тәйт» деуге тыйым салатын заң

ашық дереккөзі

 width= Бізді құрдымға апаратын заң! Қоғам белсенділері мен шоу-бизнес өкілдері отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты жаңа заңға наразылығын білдіріп, дабыл қағып жатыр. Құжаттағы талаптарды көрген ата-аналардың да төбе шашы тік тұрған. Енді балаңыздың денесі көгеріп, аз уақыт қараусыз қалса, жауапты органдар оны алып кете ме? Елді елең еткізетіндей бұл құжатта тағы не бар? Бұл туралы  Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Мәжілістің ресми сайтындағы депутаттардың қарауында жатқан 50 заңның ішіндегі дау тудырғаны осы. «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» деп аталады. Міне осы құжат, көпті алаңдатып отыр. Заң жобасына көңілі толмайтын азаматтардың қарасы көбейіп келеді. Тіпті петицияға қол жинап жатқандар да бар. Заң жобасы шикі және қайшылыққа толы деген белсенділер оның, отбасыға қауіп төндіруі мүмкін екенін айтады.

Анатолий  КИМ, Заңгер: «Біз бұл өмірді бірінші рет сүріп жатқан жоқпыз. Баланы тәрбиесінен хабарымыз бар. Сондықтан бәз біреу бізге, біздің халыққа тәрбие төңірегінде үйретуге құқы жоқ. Мысалы, бір баланы ата-анасынан тартып алды делік. Оны қайда жібереді? Мемлекеттік ұйымға береді деген жазуды көріп тұрған жоқпын. Арғы тағдыры не болмақ? Осыны ойлаған біреу бар ма?»
Желіде желдей ескен жаңалық бұқараға жүзі таныс адамдарды да бейжай қалдырмады. Актер Мадияр Серікбаев құжаттың кемшін тұстары көп екеніне сенімді.
Мадияр СЕРІКБАЕВ, Актер: «Баламның табанына кірген тікен, маңдайыма кірсе деп баламыздың болашағын ойлап келеміз. Бірақ, қазір біз қиын жағдайда тұрмыз».
Тақырыпқа қатысты пікірталастың таразысы тең болсын деп заң жобасының талқылауына бірінші күннен қатысып жүрген Салтанат Тұрсынбековамен сұхбаттастық. Заңгер жұрт дүрлігетіндей жоғарыда аталған құжатта ештеңе жоқ екеніне сенімді.
 Салтанат ТҰРСЫНБЕКОВА,   Заңгер, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның Мүшесі «Заң жобасында әйтеу бір нәрсені өзгерту керек деген ұғым тұрған жоқ. Түсінбей жатқан азаматтарға айтып кетейін. Бұл жерде батыстың тәлім-тәрбиесін тықпалау жоқ. Балаларға ұрысқаны үшін алып кетеді деген де қарастырылмаған.  Тоңазытқышта тамақ толып тұрмады, жаңа үлгідегі смартфон әпермедің деп сізге ешкім шүйлікпейді. Тағы айтамын, мұндай дүниелер әзірленіп жатқан заңда жоқ!».
«Отбасық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын мәжілістің бір топ депутаты әзірлеген. Құжатты талқылау барысында төменгі палата төрағасы Үкімет мүшелері тарапынан түзетуді іске асыруға дайындық төмен екенін айтқан еді.
Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы «Қазір біз арнайы 5-6 министрліктің орынбасарларын шақырдық.  Бас прокуратура орынбасарын шақырдық. МВД осында болуы керек. Координация жоқ осы жұмыста. Ұйымдастырамыз. Қалай ұйымдастырасыңдар?!».
Заң тек бірінші оқылымда қаралған. Әлі бекітілмеген, сәйкесінше Сенатқа жіберілмеген. Жаңа сайланған депутаттар құжатқа өзгеріс қажет деген жұрттың үндеуіне құлақ аса ма жоқ па? Ол жағы  алдағы отырыстарда белгілі болады. https://youtu.be/EwVo6fzrXDg

Жүктелуде...