Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина қай кезден бастап салынады?

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина қай кезден бастап салынады?

ашық дереккөзі

 width= Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны 1 ақпаннан бастап егу жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егу шаруасын жеделдету мақсатында келесі бағытта жұмыс жүргізілуде: 2021 жылғы 19 қаңтарда "Спутник V"вакцинасының 20 мың дозасын әкелу жөнінде Қарағанды фармкешені мен РФ тікелей инвестиция қоры келісімге келеді. 20 қаңтарда бұл вакциналарды "СҚ-Фармация" компаниясына арнайы тәртіп бойынша бір рет әкелуге рұсқат беру көзделген. Осыдан кейін халықтың бұған дейін белгіленген топтарына 1 ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу жоспарлануда", - дейді Алексей Цой. Министрдің айтуынша халыққа екпе жұмыстары вакцинаның жеткізілу мөлшеріне қарай салынады.
Айта кетсек, 2020 жылдың 21 желтоқсанынан бастап Қарағанды фармацевтикалық кешенінде ресейлік Спутник V" вакцинасының өнідірісі басталды. Премьер-министр Асқар Маминнің айтуынша, бірінші кезекте екпе ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті, сондай-ақ созылмалы аурулары бар қауіптілік топтарының өкілдеріне егіледі. Ал отандық вакцина наурыз айында қолданысқа шығады деп күтілуде. Цой вакциналар нарыққа шыққаннан кейін негізгі қажеттілікті қамтамасыз етеді деген ойда.  

Жүктелуде...