
Асқар Мамин министрлерді жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады.Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз күшім мен білімімді туған елім - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму жолына жұмылдыруға салтанатты түрде ант беремін. Ел Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға; барлық іс-қимылымда заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық келісім қағидаларын ұстануға; адал қызмет етіп, мемлекеттілікті нығайтып, дүниежүзілік қоғамдастық алдында мемлекеттіміздің беделін асқақтатуға, ант етемін, - деді жаңа министрлер.
Үкімет құрылымында біраз өзгерістер болды. Мұхтар Тілеуберді Премьер-министрдің орынбасары - сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Мемлекет басшысының жарлығымен үкіметтің екі жаңа мүшесі тағайындалды. Әсет Ирғалиев Ұлттық экономика министрі, Серік Шапкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. Олар өздеріне жүктелген маңызды міндеттерді жауапкершілікпен орындайды деп сенеміз. Мен барлық жаңа министрлерді тағайындалуларымен құттықтаймын, - деді Мамин.