Сәкен Майғазиев: Мейрамбек үшін дұға тілеп қойыңыздаршы

Сәкен Майғазиев: Мейрамбек үшін дұға тілеп қойыңыздаршы

ашық дереккөзі

 width= Әнші Мейрамбек Беспаевтың коронавирус жұқтырып, Алматыдағы №7 аурухананың жан сақтау бөліміне түскені белгілі болды. Әнші тәуір болып, палатаға ауыстырылыпты деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.

«МузАРТ» тобының әншісі, Мейрамбектің әріптесі Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында былай деп жазды: «Қайбір жылы Мейрамбек ауырғанда жалғыз ұлымның тілеуін тілемесем де, Мейрамбектің тілеуін тіледім», деп еді бір анамыз. ҚАЗАҚтың бағына туған баласы Мейрамбек бірнеше күн бұрын короновирустың жеңіл түрімен ауырып бастап еді, кеше кешкісін қысымы қатты көтеріліп, жан сақтау бөлімінен бір-ақ шықты. АЛЛАға шүкір, бүгін жеке палатаға шықты. Жағдайы қалыпты. Мұсылманның қаруы – дұға. Әбіләшімұлы Мейрамбек үшін дұға тілеп қойыңыздаршы. ҚАЗАҚтың Мейрамбегі, әулетінің тірегі, «МузАРТтың» жүрегі жүзге жетсін».

Жүктелуде...