Қазақстанда карантин мерзімі 11 мамырға дейін ұзартылды, - деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, мен Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдадым. Бұл – біз бастан өткеріп жатқан күрделі кезеңнің талабы. Заңға сәйкес 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады", - деді Тоқаев мәлімдемесінде.
Еске салайық, мұның алдында Қазақстанда төтенше жағдай режимі
1 мамырға дейін ұзартылғаны хабарланған еді.