Ресейлік метеорологтар болжамынша, биыл адамзат тарихындағы ең ыстық жыл болуы мүмкін, деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі РИА Новости сайтын сілтеме жасап.
Бұған дейін АҚШ-тың Мұхит пен атмосфераны зерттеу бойынша ұлттық басқармасының (NOAA) мамандары да 2020 жылды тарихтағы ең ыстық кезең болатынын ескерткен еді. Рекорд болмаған күннің өзінде, ең ыстық жылдардың бестігіне кіреді деді олар.
Мұндай болжамды Ресей Гидрометорталығының ғылыми жетекшісі Роман Вильфанд та жасады.
«Климатологтар алдағы бес жыл өте ыстық болатынын, жыл сайын жаңа рекорд тіркелетінін болжап отыр. Жер бетіндегі орта температура жыл сайын өсе береді. Бұл процесс соңғы бес жылдан бері тоқтаусыз жалғасып келеді. Бұл жаһандық жылынудың бір көрінісі, себеп – атмосферадағы көмірқышқыл газының артуы», - деді Вильфанд.