Испанияда 2-ші мамырдан бастап карантин режимі жеңілдейтін болды, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Бұл жайлы ел премьер-министрі Педро Санчес мәлімдеді. Үкімет басшысының айтуынша, осы уақыттан бастап ел тұрғындары сыртта спортпен айналысып, серуендеулеріне рұқсат етіледі.
Еске сала кетейік, елдегі қатаң карантин тәртібі 14 наурыздан бері жалғасып келеді. Осыған байланысты ел азаматтарының көшеге шығуына тыйым салынған. Тек азық-түлік пен дәрі-дәрмек сатып алуға ғана рұқсат. Айта кетейік, Испания – қатерлі вирустан ең көп зардап шеккен елдердің бірі.
Індет тарағалы бері елде 223 мың адам инфекция жұқтырып, 22 мыңдай азамат қайтыс болды. Осы категория бойынша: « Францияда мектепте маска тағу мәселесі қызу талқыланып жатыр Аргентинада карантин мерзімі 10 мамырға дейін ұзартылды »