Сабина Алтынбекова Желіде талқыланған видеоға қатысты пікір білдірді

Сабина Алтынбекова Желіде талқыланған видеоға қатысты пікір білдірді

ашық дереккөзі

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Vesti.kz тілшісіне Желіде қызу талқыланған биі туралы пікірін айтты.  Таяуда Instagram желісіндегі топтардың бірінде қазақстандық волейболшының командаластарымен бірге билеген сәті түсірілген видео жариялаған.

Қазір Алтынбекова БАӘ чемпионатындағы "Әл-Васл" клубында ойнайды. Қазақстандық спортшы бұл командаға желтоқсанда ауысқан, ал дебюті қаңтарда болды.
"Бұл видео жауапты ойын алдында қаңтардың аяғында түсірілген. Біз әрқашан ойын алдында жағымды көңіл-күйде болуға тырысамыз. Сондай күндердің бірінде командадағы қыздар осы видеоны түсіріп алған", - деді Сабина.  

Жүктелуде...