Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту мақсатында біз cookies файлдарын пайдаланамыз. Сайтты әрі қарай қолдану арқылы сіз cookies файлдарын пайдалануға келісетініңізді растайсыз
Түркістан облысында тұрғын үй құрылысы жылдан жылға қарқын алып келеді. Мәселен, Төлеби ауданында соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша 5 қабаттан тұратын 10 тұрғын үй бой көтеріп, бас-аяғы 540 пәтер пайдалануға берілген. Ал, осы жылы Ленгір қаласындағы 1-мөлтек ауданында 5 қабаттан тұратын әрқайсысы 20 пәтерлі 9 үйдің құрылысын жүргізу жоспарланды.
Олардың жалпы аумағы - 11 000 шаршы метр, 180 пәтер. Бүгінгі таңда мердігер мен инжинирингтік қызмет көрсетуші мекемелер анықталып, келісім-шарт түзу жұмыстары жасалуда. Осылайша, келесі жылы ауданда 180-ге жуық отбасы баспаналы болмақ.