Түркістан–Мақтаарал: басымдық берілген салалар дамудың бағдаршамы болмақ

Түркістан–Мақтаарал: басымдық берілген салалар дамудың бағдаршамы болмақ

ашық дереккөзі

 width= Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Меруерт Даубаева мен Ақмарал Телходжаева Еңбекші ауылдық округінің Т.Жайлыбева ауылдық округінің тұрғыны Зұлпыхар Қалжановтың шаңырағында болды. «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес өткен «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында кандидаттар еңбек ардагеріне партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, басымдықтарын түсіндірді. Елдің тұрақты экономикалық дамуы мен халықтың өмір сүру деңгейінің арттыруын негізгі басым бағыты санайтын «Nur Otan» партиясының Мақтаарал аудандық филиалы 2025 жылға дейінгі даму жоспарын 7 басымдықпен қарастырған.

  • Экономикалық тұрақты аудан;
  • Ыңғайлы аудан;
  • Әлеуметтік қызметке бағдарланған аудан;
  • Жастарға арналған аудан;
  • Тарих пен мәдениетті дамыту;
  •   Ашық және есеп беретін жергілікті органдар;
  •   Қауіпсіз аудан.
Осы бағыттар бойынша жұмыс жүргізуді жоспарлап отырған партия өз қатарын бастамашыл, білімді, жаңашыл идеялармен сусындаған жастармен толықтырып, жұмыс жүргізу сапасын бұрынғыдан да жақсартпақ.  width= Көптеген жылдар бойы сан салада елдің өркендеуіне, көркеюіне сүбелі үлес қосып келген Зұлпыхар Қалжанов ақсақалды партияның негізгі басымдықтарымен ьаныстырған үміткерлер 10 қаңтар күні өтетін сайлауда «Nur Otan»-ды қолдап, дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді

Жүктелуде...