weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
30 желтоқсан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Путин Елбасы мен президентті құттықтады

Путин Елбасы мен президентті құттықтады

Путин Елбасы мен президентті құттықтады
ашық дереккөзі
 width= Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтауын жолдады, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдаған құттықтау хаттарында Владимир Путин Ресей - Қазақстан қатынастарының стратегиялық әріптестік пен одақтастық рухында табысты дамып келе жатқанын атап өтті", - делінген хабарламада.
Путин "елдер арасындағы саяси диалог барлық деңгейде белсенді жүріп жатқанын, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастық жақсы табыс әкеліп жатқанын" атап өтті.
Сондай-ақ, Elbasy.kz сайтында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің телефон арқылы сөйлескені айтылады.