Бірнеше пәтер тонаған ұры ұсталды

Бірнеше пәтер тонаған ұры ұсталды

ашық дереккөзі

 width= Қызылорда облысында бірнеше пәтер ұрлығын жасаған ауыл тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 24 желтоқсан күні Қызылорда облысының Полиция департаменті Жалағаш аудандық полиция бөліміне 72 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, желтоқсан айының 15-інен 16-сына қараған түні белгісіз біреудің оның үйінде жоқтығын пайдаланып, үйінің есігін бұзып кіріп, тұрмыстық заттарын ұрлап кеткені туралы шағымданды. Үй иесіне 285 мың теңге көлемінде шығын келтірілген. Аталған арыз бойынша оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы орын алған қылмыстың ізін суытпай ашу мақсатында тиісті шаралар қабылдады. Өткізілген жедел-іздестіру іс-шараарының нәтижесінде осы қылмысты жасаған күдікті әшкереленді. Айғақ заттар алынды. Күдікті осы кенттің бұрын сотты болған тұрғыны болып шықты. Ол өзінің кінәсін толығымен мойындап, ауданның уақытша ұстау изоляторына қамалды.Тергеу барысында күдіктінің тағы осы тектес екі ұрлық дерегіне қатыстылығы анықталды. Қазіргі таңда орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Жүктелуде...