weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
30 желтоқсан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстандық азамат тісімен вагон сүйреп рекорд орнатты

Қазақстандық азамат тісімен вагон сүйреп рекорд орнатты

Қазақстандық азамат тісімен вагон сүйреп рекорд орнатты
ашық дереккөзі
 width= Алматылық Александр есімді жігіт елімізде бұрын соңды болмаған рекорд орнатты, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Almaty.tv-ға сілтеме жасап. Ол 26 тонна болатын вагонды 2,5 метрге дейін тісімен жылжытып, Қазақстанның "ГИНЭС" рекордтар кітабына енді. Еске салайық, бұл оның осыған дейін жасаған екінші рекорды.
"Мен әуелі ғаламтордан америкалықтардың көлікті қалай сүйреп жатқанын көрдім. Содан бастап қызығушылығым оянып, жеңіл көліктерді тісіммен жылжыта бастадым. Нәтижесінде осындай деңгейге жеттім. Бұл жаттығуды орындау өте күрделі әрі ұзақ уақытты қажет етеді. Мұндай жаттығуды ешкімге қайталамауға кеңес беремін", – деді рекордсмен Александр Данчев.
 
"Біздің Қазақстан рекордтар кітабының басқа рекордтардан ерекшелігі адамның денсаулығына зақым келетін рекордтарды тіркемейміз. Бірақ жаңағы рекорд спортқа жатады", – деді Қазақстан рекордтар кітабының рекордтарды тіркеу департаментінің директоры Бақытжан Тастүлеков.