Көлікке шана байлап сүйреген: Азаматқа айыппұл салынды

Көлікке шана байлап сүйреген: Азаматқа айыппұл салынды

ашық дереккөзі

 width= Атырау тұрғыны көлікке шананы байлап, қызын сүйреген, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі "Мой город" сайтына сілтеме жасап. Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 29 желтоқсанда түнгі сағат 01:07-де болған. Осы уақытта қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының инспекторлары бейнебақылау камерасын тексеру кезінде көлікті байқаған.

"Оқиға орнына патрульдік полиция жіберілді. Полиция қызметкерлері "Хюндай Туксон" көлігін тоқтатты. Оған шана байланыпты. Оның үстінде 22 жастағы қыз отырған. 2000 жылы туған жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 595-бабы 1-бөлігі ("Жол қозғалысы ережесін бұзу") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген хабарламада.
Енді жүргізуші шамамен 14 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі керек

Жүктелуде...