Павлодар облысы Ертіс ауданы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы

Павлодар облысы Ертіс ауданы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы

ашық дереккөзі

 width= Құрметті Ертіс ауданының тұрғындары! 2020 жыл біз үшін үлкен сынақ жылы болды. Коронавирустық Пандемия біздің өмірімізді, басымдықтарды өзгертті, көптеген сұрақтарға басқаша қарауға мәжбүр етті. Біз басты құндылық - адамның өмірі мен денсаулығы екенін түсіндік. Қазақстан, әлемнің басқа елдері сияқты, ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, біздің ауданды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салады . БІЗДІ ОРТАҚ МАҚСАТ БІРІКТІРЕДІ – ӘР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ. Бүгінгі күні барлық азаматтар партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде. Ол үшін біз жүйелі партиялық қайта жүктеуді және партия ішіндегі ашық сайлау – праймеризді өткіземіз. Партия барлығына ашық! Біз Сіздердің сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз. Сіздердің сенімдеріңізді бағалаймыз және бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдіміз! Пікірлерінің біз үшін өте маңызды! БІЗ БІРГЕМІЗ! ЖАҒДАЙДЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР Әлемдік коронавирустық пандемия біздің еліміздегі экономикалық жағдайға теріс әсер етті. Мемлекет пен «Nur Otan» партиясы бұл жағдайда ерекше мұқтаж адамдарға көмек көрсетті. Карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсетілді: - 42,5 мың теңгеден мәжбүрлі демалыстағы 2 223 қызметкерге төленді; - Халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 1047 адам азық-түлік тұрмыстық жиынтықтары үшін төлемдер алды; - 109 аз қамтылған отбасына атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді; - 6 жасқа дейінгі 137 балаға кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер берілді; - Ауданның 1149 тұрғыны үшін 15 мың теңгеден коммуналдық шығындары жабылды; - Елбасы бастамасымен қолға алынған «Biz birgemiz» акциясы аясында «Nur Otan» партиясының мүшелері мен еріктілері 35-тен астам отбасына азық-түлік себеттерін жеткізді, 50 000 теңгеден 556 адам алды. Тұрақтылықты сақтау үшін шағын және орта бизнес дағдарыс жағдайында айтарлықтай қолдау алды. - «Бизнес жол картасы», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек» мемлекеттік бағдарламаларының барлық құралдары бойынша 747 млн теңге сомасына 41 кәсіпкерге қолдау көрсетілді; - «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 1,3 млрд теңгенің 426 жобасын жүзеге асыруға несие берілді; - төтенше жағдай кезінде несиелер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге мораторий енгізілді; - зардап шеккен жеке кәсіпкерлер мен шағын орта бизнес кредиттері бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін кейінге қалдыру енгізілді. ДАМУДЫҢ 7 БАСЫМДЫҒЫ 1. Экономикалық тұрақты аудан 2. Жайлы аудан 3. Әлеуметтік бағдарланған аудан 4. Жастарға арналаған аудан 5. Бай тарихы мен мәдениеті бар аудан 6. Ашық және есеп беретін жергілікті органдары 7. Қауіпсіз аудан Ертіс ауданын дамытудың осы 7 басым бағытын «Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады. Оның басты мақсаты- халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау. 1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫ АУДАН «Nur Otan» партиясының бағдары тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады. Ауыл тұрғындарының табысын арттырамыз Ертіс ауданы аймағымыздың негізгі егін себуші аудандарының бірі. Короновирустың әлемдік пандемиясы еңбек нарығында елеулі өзгерістер енгізді, жұмыспен қамту саласындағы белсенділікті едәуір әлсіретіп, осылайша халықтың табысын төмендетті. Ол үшін «Nur Otan» партиясы: Северный, Байзақов және Қарақұдық ауылдық округтерінде ауылшаруашылығы кәсіпорындарының суармалы аймақтарды іске қосуы арқылы суармалы жерлердің алаңын 11,4 мың гектарға дейін кезеңкезеңмен кеңейтуді қолдау; Жыл сайын енгізілетін минералды тыңайтқыштардың үлесін 1,3 мың тоннадан (20 мың га) 1,8 мың тоннаға (27 мың га) дейін арттыруға және тұқымдық материалдың сапасын 30 мың тоннадан 34 мың тоннаға дейін жақсартуға және ауыспалы егісті сақтауға қол жеткізу; ІҚМ санын жыл сайын 39,6 мыңға (қазір 32,6 мың) ұлғайту және ІҚМ аналық басын 2 мыңнан 4 мыңға дейін тұқымдық түрлендіруді ұлғайту есебінен мал шаруашылығын дамытуға ықпал ету; 2025 жылға дейін Ертіс және Байзақовауылдық округтерінде және Голубовка ауылында 6 сүт-тауар фермасын, Амангелді, Панфилов, Сілеті, Қарақұдық, Северный ауылдық округтерінде 6 агроөнеркәсіптік кешен объектілері және Қосағаш ауылында шошқа өсіру кешені базасын салуға жәрдемдесу. Жаңа қайта өңдеу обьектілерін ашу үшін жағдай жасау. Бес жыл ішінде 7 бидай сақтау қоймалары мен дәнді-дақылдар сақтау қоймаларын салу және қайта құруға жәрдемдесу (Ағашорын, Северный, Амангелді, Ертіс, Қоскөл), оның ішінде: • Ертіс ауылында балық, сүт және тері өңдеу үшін 3 цех; • Байзақов ауылдық округінде фри картобын өндіру цехы; • Сілеті ауылдық округінде ауыл шаруашылық қажеттілігіне тұз өндірісінің цехы; • Северный ауылдық округінде өсімдік майы өндірісі цехы; • Ертіс ауылында шөп тоқу жібінің өндірісінің шағын- цехы; • Ағашорын ауылдық округінде сұйық минералды тыңайтқыштар шығаратын шағын зауыт; •Ағаш орын және Қоскөл ауылдарында 2 наубайхана; • Северный ауылдық округінде диірмен. Ауданның өзін-өзі жұмыспен қамтыған халқының 50% -ын кәсіпкерлік қызметке тартуға ықпал ету. Осы және басқа да шаралар 2025 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешенде 2,5 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға, жұмыссыздық деңгейін 2,8% - ға дейін төмендетуге және орташа жалақыны 25% - ға 137 мың теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлерге қолдау көрсетеміз Ауданда шағын және орта бизнес ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту және әл-ауқатын арттыруда маңызды рөл атқарады. COVID-19 вирусының таралуы кәсіпкерлердің экономикалық белсенділігіне айтарлықтай әсер етті. Аймақта бөлшек және көтерме сауда, көлік сақтау және тамақтану ең көп зардап шекті. Ол үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін: «Еңбек» бағдарламасы бойынша жыл сайын шамамен 80 грант пен шағын несие беру арқылы шағын және орта бизнестің дамуына ықпал ету; 2025 жылға дейін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу бойынша 3 жобаны іске асыруға жәрдемдесу; Жыл сайынғы іске асыруға «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша кемінде 3 жоба; Ертіс, Голубовка ауылдарында 6 жаңа сауда нысанының ашылуына ықпал ету. 2. ЖАЙЛЫ АУДАН «Nur Otan» партиясы ауыл азаматтарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Бұл бағытта «Ауыл - ел бесігі» және «Құтты мекен» жобаларын іске асыру жалғасатын болады. Нәтижесінде аудан тұрғындары таза су мен сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізе алады. Таза ауыз сумен қамтамасыз етеміз Бүгінде ауданда 27 ауылдық елді мекеннің 12-і сумен орталықтандырылған, 4 ауылда сумен қамту құрылысы жүріп жатыр, 8-і су тазалау сүзгісі бар құдық ұңғымаларынан сумен қамтамасыз етілген. Ол үшін «Nur Otan» партиясы қол жеткізетін болады: Қызылқақ, Қосағаш, Ұзынсу ауылдарында кезеңмен су құбырларын салу; Бұланбай ауылында суды тазарту үшін сүзгісі бар ұңғыма орнату; Беловод топтық су құбырымен босатылатын су тарифін субсидиялауғажәрдемдесу. Бұл шаралар 2025 жылға қарай аудан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін толық шешуге мүмкіндік береді, оның ішінде 27 ауылдың 15 мыңнан астам тұрғыны бар. ТКШ желілерін жөндейміз, экологиялық жағдайды жақсартамыз Ертіс ауданы халқының жайлы өмір сүруі үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай жылу жабдықтарын жаңғыртуды, ауданның экологиясын жақсарту және ұялы байланыспен қамту міндеттерін алға қойып отыр. Ол үшін «Nur Otan» партиясы қол жеткізетін болады: 2022 жылдан бастап Ертіс ауылында жылу трассасының құрылысы, мыңғажуықтұрғындары бар тұрғын-үй секторының және Ысқақов, Қожаберген батыр, Жалаулы, Түгел батыр, Байзақов, Бөгенбай көшелерінде орналасқан әлеуметтік объектілердің жылу жүйесіне қосылуы; 2020 жылға қарай Голубовка ауылында ауылдық Мәдениет үйінде қазандық орнату; 2020 жылға дейін Амангелді, Ленино, Қызылқақ, Қызылағаш ауылдарында ұялы байланыспен қамтамасыз ету; 2021 жылдан бастап ауданда қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау ұйымдастыру , бұл қоғамның табиғатқа деген қорғау мәдениетін қалыптастырады; 2023 жылдан Ертіс ауылында сұрыптау арқылы тұрмыстық қалдықтардың полигоны құрылысын бастау; Бұл шаралар аудан орталығында 500-ден астам тұрғынды қамти отырып, 150-ден астам тұрғын үй секторын орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өмір сүру жағдайын жақсартамыз Мемлекет әр отбасына қолжетімді болуытиісжаңатұрғынүйқұрылысына белсенді қолдау көрсетуде. Ауданда тұрғын үй алу кезегінде 231 адам тұр. Партия әлеуметтік осал санаттағы азаматтар мен жастар үшін қолжетімді тұрғын үй беру есебінен кезектілікті жыл сайын 5-10% - ға төмендетуміндетін қойып отыр. Ол үшін «Nur Otan» партиясы: Ертіс ауылында (72 отбасы ) 3,3 шаршы метр үш көппәтерлі тұрғын үй салу мәселесін шешу; Еңбек бағдарламасы бойынша басқа аймақтардан қоңыс аударған үшін 20 пәтер сатып алу; Жастарға және әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге жәрдемдесу. Бұл шаралар кезекте тұрған 120 - дан астам адамды тұрғын үймен қамтамасыз етуге, тұрғын үймен қамтамасыз етуді бір тұрғынға шаққанда 19,3 - тен 20,8 шаршы метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жол сапасын жақсартамыз Жол - әр аудан өмірінің басты артериясы. Ауданның барлық ауылдарында сапалы жолдар мен азаматтар үшін жақсы инфрақұрылым болуы тиіс. «Nur Otan» партиясы кентішілік және аудандық автомобиль жолдарын жөндеу мәселелерін шешетін болады. Ол үшін «Nur Otan» партиясы: 2024 жылға қарай ұзындығы 36 км құрайтын «Голубовка - Қызылқақ» авто жолдарының жөнделуін аяқтауға жәрдемдесу; 2021 жылға қарай «Байзақов – Майқоныр», 2022 жылға қарай «Сілеті - Қызылағаш», 2024 жылы «Панфилов - Қосағаш» жалпы ұзындығы 70 км құрайтын авто жолдарының жөнделуі; 2021 жылдан бастап ұзындығы 6,9 км құрайтын Бұланбай, Қарағаш, Ынтымақ, ауылдарына кіре беріс жолдарды жөндеу; 2025 жылға қарай 13 ауылда (Ертіс, Ағашорын, Панфилов, Қызылжар, Северный (2021 жылы- 22,8 км), Ертіс, Северный, Ағашорын, Амангелді, Иса Байзақов, Қызылжар, Майқоныр (2020 жылы -41,3 км), Голубовка, Қоскөл ауылдарында (2023 жылы -13,4 км), Қарақұдық, Сілеті ауылдарында (2024 жылы -5,8 км), Тохта (2025 жылы -3,1 км) 86,4 км кентішілік жолдарды жөндеуге қол жеткізілмек. Бұл шаралар аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 84% - дан 95% - ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. 3. ӘЛЕУМЕТТІКБАҒДАРЛАНҒАН АУДАН Азаматтардың әлеуметтік әл - ауқаты – өңірдің тұрақты әлеуметтік - экономикалық дамуының көрсеткіші. Біз білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізу арқылы аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсартуғакүшсаламыз. Медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттырамыз Ауданда онкологиялық аурулар мен туберкулез ауруларының мәселелері маңызды болып қала береді. Сондықтан «Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай тұрғындардың денсаулығының көрсеткішін артыруды алдыңғы мақсатқа қойды. Ортамерзімді кезеңдесаладағы негізгі басымдық Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға бағытталатын болады. Ол үшін «Nur Otan» партиясы: Жалпы практика дәрігерлерінің, көз дәрігерінің, эндокринолог, лор, психиатр-нарколог тапшылығы мәселесін шешу. 2025 жылға дейін шамамен 42 медицина қызметкері оның ішінде 12 дәрігер тұрғын үй және көтерме жәрдемақы беру арқылы тартылатын болады (100 АЕК); 2025 жылға дейін Ағашорын, Қарақұдық, Ұзынсу, Қызылағаш, Ленино, Ертіс ауылдарындағы 2 амбулаторлық-дәрігерлік пунктке, Голубовка, Ленино ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункттерінің 12 бірлік санитарлық автотранспорттарының сатып алынуы; Қосағаш, Тоқта, Ұзынсу, Қарақұдық, Қоскөл, Қызылқақ, Бұланбай, Қараағаш, Луговое ауылдарындағы 9 медициналық пунктке, Голубовка ауылындағы 2 дәрігерлік амбулаторияға, Ленино және Қызылжар ауылындағы фельдшерлік - акушерлік пунктке 12 бірлік санитарлық автокөлік сатып алуға жәрдемдесу. Қосағаш және Тоқта (2021 жыл), Үлгілі, Қараағаш, Ынтымақ, Бұланбай, Ағашорын ауылдарында 7 дәріхана пунктінің ашылуына ықпал ету (2022 жыл). Онкологиялық науқастарды амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесі үнемі бақылауда болсын. Халықтың денсаулығын алдын алуға бағытталған шараларды қабылдау, қатерлі ісіктерді ерте анықтау мақсатында скринингтік зерттеулер жүргізу. Халықтың полимеразды тізбекті реакцияны зерттеуге еркін қол жеткізуіне ықпал ету. ӨЖЖ аппараттарымен және оттегі жабдығымен 100% қамтамасыз ету мәселелерін шешу. Халықтың КТ зерттеулеріне қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында рентген кабинетін толық жарақтандыруға, компьютерлік томография аппаратын сатып алуға жәрдемдесу. Медицина қызметкерлерін қолдау, ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету, халыққа арналған іс-қимыл алгоритмдерін уақтылы жариялау және COVID бойынша нақты жағдайды көрсету үшін халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысу. Медициналық қызметкерлерге еңбекақы төлеу, көтермелеу, ынталандыру төлемдері мен үстемеақыларды қаржыландыру схемаларын жетілдіру мәселелерін шешуге міндетті. Бұл шаралар 2025 жылға қарай өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Білім сапасын жақсартамыз Оның барлық деңгейлерінде сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету ауданды одан әрі дамыту үшін маңызды шарт болып табылады. COVID-19 пандемиясы Қашықтықтан оқытудың жаңа форматына көшу арқылы білімге деген көзқарасты өзгертті.2020 жылы коронавирустың таралуына қарсы күрес аясында мектеп оқушылары Қашықтықтан оқытудың жаңа форматына көшті. Ол үшін «Nur Otan» партиясы: 2025 жылға қарай шағын орталықтарда қосымша топтар ашу есебінен 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтуға қол жеткізу; 5 жыл ішінде 8 мектепті күрделі жөндеуге қол жеткізу (2021 жыл) Кызылжар ЖОББМ, (2022 жылы) №3, №4 Ертіс ЖОББМ, Қоскөл және Қарақұдық ЖОББМ, (2023 жылы) №1 Ертіс ЖОББМ, (2024 жылы) Майқоныр ЖОББМ, (2025 жылы) Ленин ЖОББМ; 2025 жылға дейін ауданның барлық негізгі мектептерінің пәндік кабинеттерімен, соның ішінде робототехника сыныптарымен, жаңа модификациялы кабинеттермен (химия, биология, физика) кезең-кезеңімен жарақтандыруға жәрдемдесу; 2025 жылға қарай жоғары және бірінші санатты педагог кадрларының үлесін 61,2% - ға дейін арттыру мәселесін шешу; Білім беру мекемелерін қорғау және санитарлық-гигиеналық құралдармен (тепловизорлар, санитайзерлер, кілемшелер, маскалар) 100 % қамтамасыз ету; Қашықтықтан оқыту нысанына қолжетімділікті ұйымдастыру мақсатында аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылар үшін 72 компьютер сатып алуға жәрдемдесу; Бұл шаралар 2025 жылға қарай мектеп түлектерінің ҰБТ-ға қатысу пайызын 73% - дан 80% - ға дейін арттыруға және мемлекеттік білім гранттарын алған мектеп түлектерінің санын 49% - ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Тең мүмкіндіктер жасаймыз Ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ерекше көңіл бөлінеді. «Бақыттыотбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталатын болады. Ол үшін «Nur Otan» партиясы: Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз қолжетімділікті 80 % жеткізу. 2021 жылы мүгедектігі бар адамдарға өз бетінше, онлайн режимде өздерінің жеке қажеттіліктерін ескереотырып, көмекші, орнынтолтырушы құралдар мен әлеуметтік қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуге ықпал ету. Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға әрбір ауылдық округте материалдық көмек көрсету пункттерін ұйымдастыру арқылы қолдау көрсету. 4. ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АУДАН Жастар-әрбір мемлекеттің болашағы. Ертіс ауданында 3 мыңнан астам жас немесе халықтың жалпы санының 20,1 % - ы тұрады. "Nur Otan" партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтеді. 2025 жылға қарай біздің міндетіміз мемлекеттік органдармен бірлесіп, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жастарды ауылдық жерлерге тарту және бекіту, олардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыру, әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау. Ол үшін «Nur Otan» партиясы: 2025 жылға дейін жаңа жұмыс орындарына жастар арасынан 800- ге жуық жастар жұмысқа тұратын болады (жыл сайын 160 адамнан). Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін 3,4% - дан 2,6% - ға дейін төмендетуге қол жеткізу; Ауданның шаруа қожалықтары және ұйымдарымен меморандумдар жасау арқылы жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. 2025 жылға дейін жаңа жұмыс орындарына жастар қатарынан 800 мыңнан астам адам (жыл сайын 160 адамнан) жұмысқа орналастырылады; Жыл сайын кемінде 25 грант бере отырып, жастардың «Жас кәсіпкер» жастар бизнесбастамаларының бағдарламаларын іске асыруға және өз бизнесін ашуға жәрдемдесу; «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша білікті жас мамандарды тартуға ықпал ету. 2025 жылға дейін ауданға кемінде 200 жас маманды (әлеуметтік қолдау, тұрғын үй беру, көтерме жәрдемақы) тарту жоспарлануда; Аудан орталығында «Сoworking center» ашу арқылы жастардың өзін-өзі тануы мен шығармашылық дамуына жағдай жасау. Бұл аудан жастарының 95% - ын іс-шаралармен қамтуға мүмкіндік береді; Барлық ауылдық округтерде еріктілер қозғалыстарын құру арқылы еріктілер қозғалысын дамытуды ынталандыру; Спорт нысандарын құрылысы мен қайта жөндеу, оның ішінде Ертіс ауылында спорттыққұрылыс объектілерін, Қызылқақ, Бұланбай, Ертіс, Қызылжар, Майқоныр, Голубовка, Қарақұдық, Байзақов, Северный, Панфилов, Сілеті, Тохта және Қосағаш ауылдарындағы барлығы 13 спорт және «Workout» алаңдарын орнату мәселелерін шешу; Қабылданған шаралар 2025 жылға қарай жастар жұмыссыздығы деңгейін 2,7% - дан 2,1% - ға дейін төмендетуге ықпал ететін болады. 5. БАЙ ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ БАР АУДАН "Nur Otan" партиясы қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді жақтайды. Бүгінде ауданда 30 ұлтың өкілдері тұрады, 7 этномәдени бірлестіктер жұмыс жасайды. Бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай мынадай міндеттер қояды: «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыруға жәрдемдесу. Отбасының рөлін арттыруға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал ететін түрлі акциялар, спорттық іс-шаралар өткізілетін болады; Ертіс ауданының көрнекті тумаларын танымал ету бойынша жобаларды жүзеге асыру (Қожаберген батыр, Түгел батыр, ақын Иса Байзақов, жазушылар А.Шамкенов, М.Жаманбалинов, Совет Одағының батырлары С.Мүткенов, И.Кутурга, А.Горобец, И.Скляров және т.б. ); Ұлттық бірегейлікті қалыптастыруды және ұлттың мәдени кодын сақтауды, оның ішінде тақырыптық іс-шараларды, Қазақстан халқының бірлігі күнін өткізу есебінен жалғастыру; Мемлекеттік тілді танымал ету, қолдану аясын кеңейту, Қазақстан халқының тілдерін дамыту; «Берекелі шаңырақ» жастар жобасы аясында Аналар кеңесінің жұмысына жағдай жасау; Бірлікті, конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайту бойынша этномәдени және діни бірлестіктерді белсенді қолдау; Қасиетті және маңызды орындар бойынша өлкетану экспедицияларын өткізуге; Соңғы 5 жылда 3 ауылдық клубтың күрделі жөнделу мәселелерін шешу, (2022 жылы) Ертіс ауылы, (2024 жылы) Панфилово, Кызылқақ ауылдарында. (2021 жылы) Қызылжар ауылындағы ғимаратты АМҮ-не сәйкес қайта жөндеуден өткізу; 6. АШЫҚ ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРЕТІН ЖЕРГІЛІКТІ ОРГАНДАР Ауданның табысты дамуының кепілі мәселелерді шешу үшін ортақ мүдделермен біріккен азаматтардың белсенділігі болып табылады. Бізге мемлекеттік органдар мен аудан тұрғындарының өзара қарым-қатынасының мүлдем жаңа сипатын қалыптастыру қажет. Ынтымақтастықтың басты қағидаттары ашықтық, есептілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болуы тиіс. Ол үшін «Nur Otan» партиясы: Электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерін 90%-ға дейін жеткізуге жәрдемдесу; Ауданның сауда объектілерінің қолма-қол ақшасыз есеп айырысуына көшуге ықпал ету; Төртінші деңгейдегі бюджетті бөлу кезінде жергілікті қоғамдастықты барынша тарту; Аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша ісшараларды өткізуге ҮЕҰ әлеуетін іске қосу; Қоқамдық кеңесте аймақтың даму мәселелерін қарастыруды бастамашылық ету. Нәтижесінде, 2025 жылға қарай электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесі 90% - ға жетеді. 7. ҚАУІПСІЗ АУДАН Ол үшін қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондайақ қоғамдық орындар мен көшелерде жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз аймақ» бағдарламасы әзірленді. «Nur Otan» партиясы оның тиімді іске асырылуына жәрдемдесетін болады. Ол үшін «Nur Otan» партиясы: 5 ауылда көше жарығын өткізуге жәрдемдесу: (2021 жыл) Голубовка, (2022 жыл) Ағашорын , (2023 жыл) Қызылжар, (2024 жыл) Панфилов және Северный (2025 жылы) . 2025 жылдың соңына дейін ауылдарда 600-ден астам көше жарық диодты шамдар мен тіректер орнатылады; 60 бейнебақылау камераларын орнатуға жәрдемдесу; Панфилов, Ағашорын ауылдарындағы өрт сөндіру бекеттерін материалдықтехникалық нығайтуға жәрдемдесу УАЗ базасында шағын орманпатрульдік кешен сатып алу жоспарлануда, бұл өрт болған жерге жедел келуге мүмкіндік береді. 2025 жылға қарай өрт сөндіру құрылымдарының материалдық - техникалық жабдықталуын 100% қамтамасыз етугеқолжеткіземіз (қазір - 48%); 2021 жылға жергілікті полиция қызметінің ғимаратын жөндеу мәселесін шешу; Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасау үшін заманауи техникалық құралдармен қамту мәселелерін шешу (видеотіркеу, GPS навигациялық жүйесі және 18 радио бекеттер); 2022 жылғақарайжергілікті полиция қызметінің қызметкерлері үшін қажетті техникалық жарақтандырумен өтімділігі жоғары 5 қызметтік автокөлік сатып алуға жәрдемдесу. Құрметті Ертістіктер ! Біздің партия Ертіс ауданы тұрғындарының үмітін қанағаттандыру, халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіру және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады. Біз Сіздерді аудандық мәслихат сайлауында «Nur Otan» партиясын дұрыс таңдау жасауға және қолдауға шақырамыз. Біздің бағдарлама Ертіс ауданын кешенді дамытуға бағытталған. «Біздің бағдарламамыз Ертіс ауданын бәсекеге қабілетті экономикамен және жайлы өмір сүру аумағымен серпінді дамитын ауданды дамытуға бағытталған. Біз ауданымыздың дамуы мен өркендеуі үшін барлық азаматтармен және қоғамдық бірлестіктермен идеялар алмасуға және кең ынтымақтастыққа дайын және ашық екенін мәлімдейміз «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігі, еліміздің гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың игілігі үшін жұмыс істеуді жалғастырады. Біз өз алдымызға Сіздің сеніміңізді ақтау міндетін қоямыз. Біз берекелі, әр адамға жайлы өмір, мүмкіндіктер беретін, өзінөзі жетілдіретін және дамытатын қоғамды бірге қалаймыз. Тек бірге біз барлық қиындықтар мен тапсырмаларды орындаймыз!

Тапсырыс беруші: Ыдырысов Әлібек Аманғалиұлы «Nur Otan» партиясы Павлодар облысының Ертіс ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Жүктелуде...