Әскерден қашпақ болып, үшінші қабаттан секіріп кеткен

Әскерден қашпақ болып, үшінші қабаттан секіріп кеткен

ашық дереккөзі

 width=
БҚО-да  әскери қызметін өтеуге шақырылған жігіт комиссариаттың терезесінен секіріп кетті. Қорғаныс министрлігі осы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп Newsroom+ақпарат агенттігі хабарлайды.   Ведомство мәліметінше, әскерге шақырылған Виктор Кибко 2001 жылы туған және ол мерзімді әскери қызметке шақырылуы керек болған.
"Оның әскери қызметке шақыртылудан босатылуына заңды негіз жоқ. Ол 2020 жылдың 30 қазаны мен 8 желтоқсаны аралығында бірнеше рет келмегеннен, полиция қызметкерлері БҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жиналу пунктіне жеткізген. Ол сол жерде терезені ашып, үшінші қабаттан екінші қабаттағы құрылыстың төбесіне секірген. Одан әрі қарай жерге түскенде жарақат алып, ауруханаға жатқызылды",- деді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, азамат Виктор Кибкоға департаменттің лауазымды тұлғалары тарапынан ешқандай физикалық және моральдық зардап келтірілмеген. Еске салайық, 29 желтоқсанда Оралда әскери қызметке шақырылған жігіт әскери комиссариаттың терезесінен секіріп кеткені хабарланды. Жігіттің жұлыны зақымданып, екі аяғының табан сүйегі сынған.

Жүктелуде...