
Нұр-Сұлтанда биіктігі 6 метр-дей тоқылған шырша орнатылды, деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдігінің айтуынша, осыдан екі апта бұрын Нұр-Сұлтанда «Құрақ көрпе стиліндегі экошырша» халықтық флешмобы басталған. Халықтық жоба Қазақстан қалалары мен елорда тұрғындарын біріктірді. Сондай-ақ Ресей мен Өзбекстанның қолөнер шеберлері де тоқуға көмектескен.
Шыршаны безендіруге еліміздің түкпір-түкпірінен тоқымашылар, зейнеткерлер, қарттар үйі, қоғамдық қорлар, әлеуметтік кәсіпкерлер мен қолөнершілер қатысты. 30 мектептің оқушылары, олардың ата-аналары мен мұғалімдері қатысты.
Жаңажылдық шырша үшін ұзындығы 70 000 метрден асатын 70 келіден астам жіп қажет болды.
Экошырша «Астана Бәйтерек» монументіне қарсы Нұржол бульварында (Ақ мешіт көшесі жағынан) орнатылды.