Дүниежүзінде коронавирустан қайтыс болғандар саны 200 мыңнан асты. Бұл туралы 25 сәуірде америкалық Джонс Хопкинс университеті мәлімдеді, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Университет мәліметтері бойынша, COVID-19 індетінен әлемде 202 092 адам қайтыс болған. 810 мың адам вирустан құлан таза айықса, дүниежүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 2 881 546-ға жеткен.
Коронавирус ең көп тараған он ел:
АҚШ - 926 442 адам вирус жұқтырған, 52 мың адам қайтыс болған,
Испания - 223 759 адам вирус жұқтырған, 22 902 қайтыс болған,
Италия - 195 351 адам вирус жұқтырған, 26 384 қайтыс болған,
Франция - 159 952 адам вирус жұқтырған, 22 614 қайтыс болған,
Германия - 155 782 адам вирус жұқтырған, 5 843 қайтыс болған,
Ұлыбритания - 149 559 адам вирус жұқтырған, 20 319 қайтыс болған,
Түркия - 107 773 адам вирус жұқтырған, 2 706 қайтыс болған,
Иран - 89 328 адам вирус жұқтырған, 5650 қайтыс болған,
Қытай - 83 901 адам вирус жұқтырған, 4 642 қайтыс болған,
Ресей - 74 588 адам вирус жұқтырған, 681 қайтыс болған.