Түркістан-Мақтаарал: Ауданда медицина саласы қарқынды дамиды

Түркістан-Мақтаарал: Ауданда медицина саласы қарқынды дамиды

ашық дереккөзі

 width= 2021 жылдың 10 қаңтары күні өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісі мен жергілікті жерлердегі мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде. «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Жомарт Датқаев пен Ақмарал Қалыбекова Иіржар ауылдық округіне қарасты Т.Жайлыбаев елді мекенінің тұрғыны Ләйла Шөженованың үйінде болды. «КАНВАССИНГ» шарасы аясында еңбек ардагерімен өткен еркін форматтағы әңгімеде кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, 7 басымдық бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әрбір басымдық бойынша жеке-жеке тоқталған үміткерлерге Ләйла Шөженова зейнеткерлерге тегін берілетін медициналық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласын жақсарту, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесін жақсартуды ұсынды.  width= Аталмыш ұсынысқа ооай «Nur Otan» партиясы алдағы 5 жылда ауылдарда 3 медициналық пункт және 10 санитарлық автокөлік сатып алуға жәрдемдесуге, елді мекендерде 12 дәріхана пунктінің ашылуын жүзеге асыруға, аудандық аурухананы магниттік-резонанстық томография (МРТ) және компьютерлік томографиялық ангиография (КТА) аппараттарымен қамтамасыз етуге, медициналық ұйымдардағы медициналық қалдықтарды (ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 11 тамыздағы №96 бұйрығына сай) ауданның шеткі аймағында пешпен жоюды қамтамасыз етуге және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін (МӘМСЖ) енгізудің арқасында медициналық қызмет түрлерін кеңейтуге ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылға қарай аудан тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы 72,6 жасқа жетеді деп жоспарлануда. Осы және өзге де мәселелердің барысымен танысқан тұрғындар партияға қолдау білдіретіндіктерін айтты.                           «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді

Жүктелуде...