29 адам сушиден уланып қалған

29 адам сушиден уланып қалған

ашық дереккөзі

 width= Атырау облысына қарасты Жылыой ауданында 29 адам суши жеп уланған, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Олар қазір аудандық орталық аурухананың стационар бөлімінде токсикоинфекциясы диагнозымен ем қабылдап жатыр. Уланғандардың сөзінше, олардың барлығы аудан орталығы Құлсары қаласындағы дәмханалардың біріне сушиге тапсырыс берген. Кейін науқастардың бәрінде бірдей жүрек айну, диарея, құсу, дене қызуы және әлсіздік байқалыпты. Қазір дәмханаға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Нұргүл Ысмағұлова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі: "Қазіргі таңда науқастардың барлығына ем-шаралар жалғасуда. Аталған факт бойынша құқық қорғау органдары және санитарлық-эпидемиологиялық басқарманың мамандары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр".

Жүктелуде...