Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
29 желтоқсан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Жамбыл облысына 368 млрд теңге инвестиция тартылады

Жамбыл облысына 368 млрд теңге инвестиция тартылады

Жамбыл облысына 368 млрд теңге инвестиция тартылады
ашық дереккөзі
 width= Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. Кездесуде Елбасыға өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және пандемия жағдайында азаматтарды қолдауға бағытталған шаралар туралы баяндалды.  Қазақстанның Тұңғыш Президенті Б.Сапарбаевқа «Қамқорлық» бастамасын қолдап, облыстық көп салалы балалар ауруханасының базасында оңалту орталығын ашқаны үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірге инвестиция тарту жұмысы жөнінде ақпарат берілді. Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, осы жылдың соңына дейін Жамбыл облысына 368 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату