Қазақстандықтар қауіпті сілтемемен бөлісуде

Қазақстандықтар қауіпті сілтемемен бөлісуде

ашық дереккөзі

 width= Қазақстандықтар Huawei компаниясынан ұялы телефон және басқа да гаджеттер ұтып алуға болатын тағы бір сілтемемен бөлісуде, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Huawei компаниясының ресми интернет-порталында жаңа жылдық ұтыс туралы ешқандай ақпарат жазылмаған.   Сонымен қатар, қымбат сыйлықтар ойнатылатын платформа ресми емес және өндіруші компанияға ешқандай қатысы жоқ.  width= Алаяқтардың құрбаны болған желі қолданушылары тартымды сілтеме бойынша өту қауіпті екенін ескертеді.«Егер сілтеме пошта немесе What’ sApp арқылы келсе — онымен ешкіммен бөліспеңіз! Әрине, адамдар оны жақсы ниетпен жібереді, бірақ сайттың мақсаты – сіздің деректеріңізді ұрлау» болып табылады. Фишингтік сайттарды жеке аккаунттарға, төлем деректеріне, ақылы қосымшалар мен платформалардан логиндер мен парольдерге қол жеткізу үшін жасайды. Фишингтің көмегімен алаяқтар адамдардың компьютерлерін немесе басқа құрылғыларын толығымен басқара алады.

Жүктелуде...