Ашу үстінде ер азамат балаларын өлтіріп, өзіне қол салды

Ашу үстінде ер азамат балаларын өлтіріп, өзіне қол салды

ашық дереккөзі

 width= Әйелінің опасыздығынан кейін ер адам балаларын өлтіріп, содан кейін өз-өзіне қол салған. Корпоративтен оралған жұбайы күйеуіне оның көзіне шөп салғанын айтып, мойындаған екен. Қызғаныштан отағасы алты жастағы ұлы мен бір жасар қызын алып, белгісіз жаққа кетіп қалыпты. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Елена УЛАНОВА, Көршісі: «Өте жақсы адамдар еді, ұрыс-керісті де естімедік. Балалар да әрдайым сыпайы, сүйкімді еді. Әлі де сене алар емеспіз».
Темір тұлпарға мінген ер адам біраз уақыттан кейін отбасылық чатқа қыз баланың қаза болғанын аудиохабарлама арқылы айтқан болатын. Бірнеше сағаттан кейін ғана полицейлер көліктен үш мәйітті тауып алған. Анықталғандай, олардың барлығы да улы газға тұншығып, мерт болды. Жаға ұстатарлық оқиға Башқұртстанда болған.

Жүктелуде...