Орны ойсырап қалды: 2020 жылы кімдерден айрылдық?

Орны ойсырап қалды: 2020 жылы кімдерден айрылдық?

ашық дереккөзі

 width= Өтіп бара жатқан жыл бірқатар қазақ зиялысын ортамыздан алып кетті. Еліміздің әдебиеті, мәдениеті мен басқа да салаларына үлес қосқан азаматтардың дені індеттен көз жұмса, өзгелері түрлі қосалқы сырқаттарын жеңе алмай, бақилық болды. Марқұмдардың өмір жолы һәм елге сіңірген еңбектері әр қазақтың жадында қалары хақ. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Өтіп бара жатқан жыл қазақ руханиятын орны толмас ауыр қайғыға батырды. Күні кеше ортамызда жүрген игі жақсылар мен жайсаңдардың бірқатары індеттен, енді бірі  сырқаттың салдарынан көз жұмды. «Мен композитор ретінде өзімді өте бақытты адаммын деп санаймын.  Себебі столда жатып қалған ноталарым жоқ. Құдайға шүкір..». Композитор, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Кеңес Дүйсекеев биыл жазда індеттің ілмегіне ілігіп, аурудан айығып кете алмады. Ел аузындағы 200-ге тарта әннің  авторы 74 жасында бақилық болды.

Роза РЫМБАЕВА, ҚР Халық әртісі: Ағамыздың әндері бізге мәңгілік мұра болып қалады. Ал, қазақ халқы бар жерде ағамыздың әндері міндетті түрде шырқалады».
Күллі қазаққа белгілі тележүргізуші Бейсен Құранбектің де қазасы қалың қарашаның қабырғасын қайыстырды. Журналист ауыр сырқаттан оңала алмай, 49 жасында өмірден озды.
Қайнар ОЛЖАЙ, Журналист: «Жүрегі жұмсақ, жаны жылы адам болды. Бейсендей адамды ондай кісілігі зор, ешқашан пендешілікке бармайтын, ешкімнің көңілін қалдырмайтын үстіндегі соңғы жейдесін шешіп беретін мұндай адамды енді жолықтыру мүмкін емес деп ойлаймын».
"Бұл 3 қабатты маска болайын деп тұр. 4 қабатты қылып істесеңіздер де болады". Сән әлемінде өзінің қолтаңбасын қалдырған талантты дизайнер Берік Исмаиловты да сұм ажал арамыздан небәрі 51 жасында алып кетті. Аптал азамат осы пандемия басталған тұста маска таппай сенделген жұртқа бетпердені тегін тігіп бергені есте. "Терісқақпай" театры арқылы танылған актер Дархан Дайырбек те биыл қауіпті кеселдің құрбаны болды. Сахна шеберінің кез- келген рөлін көрермені ерекше көңілмен қабылдайтын.
Нұртас АДАМБАЕВ, Актер, продюсер: "Дархан ағамыз жөнінде барлығы бірдей бір ауыздан айтар еді, ол өте мейірімді, көңілді, ешқашанда қандай да бір жағдайға шағымданбайтын, әрқашан жағдайды түсінетін. Өзінің артынан өсіп келе жатқан інілеріне бағыт-бағдар беріп жүретін. Жұмысына толығымен берілген адам еді".
Даңқты палуан Жақсылық Үшкемпіров те қаншама қарсыласын боз кілемде сұлатып салғанымен, сырқатқа келгенде сағы сынды. Олимпиада чемпионының ақтық демі 69 жасында бақилық үзілді. Маусымның соңғы күндері қазақ журналистикасы да орны толмас қазаға душар болды. 60 жасқа қараған шағында Қуандық Шамахайұлы өмірден озды.
 Ерсейіт ӘЛІМҰЛЫ, Қоғам белсендісі: Қуандық Шамахайұлы деген тіл жанашыры. Біздегі мінбердегі, Парламенттегі депутаттардың  сол ағаларымызға мін, сын тағып,  кемістігін дұрыстап жүрген. Бүйтіп атын тізбектей болтын босақ, қаншама әлі атқаратын жұмыстары алда. Қазаққа берері көп адамдардың ортамыздан кімді болса да кімге болса да жанына ауыр тиетіні, тигені баршамызға ақиқат».
Пандемия кезінде ортамыздан кеткен елге танымал азаматтардың қатарында дінтанушы Абдуғаппар және Зәкәрия Смановтар, химия ғылымдарының докторы, академик Еділ Ерғожин, Әбіш Кекілбаевтың жары Клара Жұмабайқызы, академик Көпжасар Нәрібаев, спорт комментаторы Диас Омаров сынды тұлғалар бар.

Жүктелуде...