2021 жылы пандемия тоқтай ма?

2021 жылы пандемия тоқтай ма?

ашық дереккөзі

 width= Алдағы жылы пандемия тоқтай ма? Биыл карантиннің кесірінен тұралап қалған экономиканың түрлі салаларын келесі жылы не күтіп тұр? Сиыр жылы мұнай мен жылжымайтын мүліктің бағасы қалай болады? Орта және шағын бизнес қалай дамиды? Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Әлем жұртын алаңдатқан нөмірі бірінші сауал  алдағы жылы пандемия  тоқтай ма? Айналасы жылға толар толмас уақытта елімізде 200 мыңнан астам  жан осы коронавирус пен пневмонияға шалдығып, үш мыңға жуығы оның құрбаны болды. Вирус ескі жылда қалып қоятындай сезінетініміз рас.  Бірден басу айтайық,  вирус ешқандай кетпейді. "Ол  енді тұмаудың бір түрі ретінде адамзатпен қалады.  Бұл биологиялық соғыс. Онда кімнің жеңіп, кімнің жеңілетіні өз қолымызда" дейді вирусолог маман.

Динагул БАЕШЕВА  вирусолог: Коронавирус ешқайда кетпейді.  Бұл бір. Неге десеңіз  халыққа тарап кетті. Екіншіден,  екпеге, өз уақытта  чума,  полиемиелит , сол екпенің арқасында  бактериядан,  вирустан құтылдық. Үшіншіден ауырмауға тырысу керек. Алдағы жылы ол біздің қолымызда».
Енді  тышқан жылы пандемиядан оңбай соққы алған  салаларды алдағы жылы не өзгеріс күтіп тұр. Сайып келгенде сіз бен біздің келесі жылғы тұрмысымыз соған байланысты  емес пе?   Сарапшылардың сөзіне құлақ түрейік.  Ел бюджетінің 44 пайызын мұнайдан түскен пайда құрайды. Былтыр   тек сервистік компаниялар  қазынаға 1,5 миллиард  теңге  салық құйса, алдағы жылғы болжам   40 пайызға кем.  Вирустың ошағына айналып, қайта-қайта тұралаған мұнай компанияларында биыл 20 мың адам жұмыссыз қалыпты. Келесі жылғы болжам да солай.
Ләззат НҰРҒАЛИҚЫЗЫ  Экономист: Онлайн -бизнес дейді,  интернет арқылы сауда жасау,  IT технология арқылы шет елге өз өнімін шығару,  ең жақсысы инвтестиция.  Осыған үйренген бизнес иелері табысын жоғалтпайды. Шағын бизнестің жандануына мемлекет тарапынан көмек  болуы керек. Салық жағынан, не болмаса банк алдындағы қарызын өтеп берсе, ол бизнестер де есін жинап кетуге мүмкіншілік  алады. Экономиканың тағы бір маңызды саласы  тұрғын үй нарығы.  Көктемде үйінде отырып қалған жұрт, жазда пәтер саудасын қыздырып, оның бағасын  20 пайызға дейін қымбаттатты. Жаңа жылдан бастап 700 мың адам зейнетақы қорынан алған ақшасын жылжымайтын мүлікке салады деген болжам бар. Алайда риэлторлар  олардың  нарықтағы үлесінің  аз екендігін алға тартып, бұл үрдіс пәтер бағасына әсер етпейді-, дейді. Оның үстіне алдағы жылы әскерилерге  берілетін  ипотекалық бағдарламалар  аяқталатын көрінеді.  Яғни, несие алу қиындайды.
Мамандардың  сөзінде  шартты  райда айтылған пікір көп. Вакцина табылса, мемлекет  шағын және орта бизнеске көмектесуін жалғастырса,  халықаралық қатынастар  жанданса. Тышқан жыл бойы кеміріп, шұрқ-тесік еткен  Қазақстан экономикасы алдағы жылы сиырдың мүйізіне ілінбей, желініне жабыссын деп тілейік.

Жүктелуде...