Ресейдің Бас прокуратурасы Мұхтар Әблязовтың қанша жымқырғанын анықтады

Ресейдің Бас прокуратурасы Мұхтар Әблязовтың қанша жымқырғанын анықтады

ашық дереккөзі

 width= Ресейдің Бас прокуратурасының хабарлауынша, қазақстандық қашқын Мұхтар Әблязовке қатысты сот сырттай үкім шығарды, деп хабарлайды NewsRoom.kz тілшісі.

«Мәскеу қаласының Таған аудандық соты «БТА Банк» АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязов, басқарма төрағасы Роман Солодченко, банк қызматкерлері Артур Трофимов, Игорь Кононко, Татьяна Параскевич, Анатолий Ерещенко және Александр Удовенкоға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды», – делінген хабарламада.
Оларға «алаяқтық жасады» деген айып тағылып отыр. 2006-2009 жылдары жоғарыда аталған азаматтар банктен 58 миллиард рубль жымқырған. Банктің жалпы сомасы 173 миллиард теңге болатын шағымын сот қанағаттандырып, Мұхтар Әблязовті 15 жылға сырттай соттады. Сондай-ақ, оның сыбайластары да 10 жылдан 13 жылға дейінгі аралықта жазаға кесілді.

Сұлтан Әбдірасыл

Жүктелуде...