Желіде Бекмамбетовтың «Игрок» интерактивті фильмінің тұсаукесері өтеді

Желіде Бекмамбетовтың «Игрок» интерактивті фильмінің тұсаукесері өтеді

ашық дереккөзі

 width= Продюсер Тимур Бекмамбетовтың «Игрок» фильмінің скринлайф форматындағы тұсаукесері сейсенбі күні арнайы интерактивті платформада өтеді, деп хабарлайды NewsRoom.kz тілшісі. «29 желтоқсанда жаңа жылға байланысты карта, ақша турасында комедия көрермендерге жол тартады», – деді қазақстандық режиссердің баспасөз қызметі. Бұған дейін Бекмамбетов хабарлағандай, фильм скринлайф форматында түсірілген, оған түрлі ойын механикасы енгізіліп, көрермендерге іс-қимыл барысында шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Жаңа жылдық комедиядағы басты рөлдерді жобаның продюсері және идея авторларының бірі болған Гоша Куценко, Мария Шукшина, Александр Робак, Глеб Калюжный және Коля Серга ойнады. Фильм жаңа жылға тарту ретінде барлық платформалар үшін тегін болады.

Сұлтан Әбдірасыл

Жүктелуде...