Биыл «Лас күлсалғыш» марапаты кімге табысталады?

Биыл «Лас күлсалғыш» марапаты кімге табысталады?

ашық дереккөзі

 width= Бұл марапат «Ақжол» партиясының көшбасшысы Азат Перуашевке «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексін әзірлеу кезінде темекіге қарсы ұстанымын ашық көрсетіп, темекі өнімдерін IQOS, GLO-ны темекімен теңестіруге тосқауыл қойғаны үшін, ал Кеңес Әбсатировке темекі өнімдерін орналастыруға тыйым салуды бұғаттағаны үшін берілді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Nosmoke.kz сайтына сілтеме жасап.  Ақжолдықтар трансұлттық корпорациялардың мүдделерін қолдауы салдарынан Ұлт денсаулығы туралы кодекске түзетулер енгізу бойынша Үкіметке екі рет қорытынды беруге тура келді. «Темекі лоббиінің» қысымымен алғашқыда сауда орындарында темекінің барлық түрлерін жарнамалауға тыйым салмау туралы шешім қабылданды. Алайда бұл шешім қайта қаралды, бұған Nur Otan, Мәжілістегі партияның фракциясы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және сарапшылар қауымдастығы қолдаған Коалицияның табанды еңбегі себеп болды. Нәтижесінде темекі өнімдерінің жаңа түрлерін темекіге теңестіру толығымен қабылданды, ал темекі өнімдерін орналастыруға тыйым салу келесі жылдың шілдесінде күшіне енеді. Коалиция темекіге қарсы нормаларды қорғауда Nur Otan партиясының және мәжіліс депутаттары Нұртай Сабильянов, Ерсұлтан Бектұрғанов, Иван Клименко, Зәуреш Аманжолованың темекі өнімдерін сатуға тыйым салуды 18 жастан 21 жасқа дейін арттырғаны үшін және ҚР Парламенті Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің (снюс, насыбай және т.б.) толық тыйым салғаны үшін аса маңызды рөлін атап өтті. Айта кетейік, «Лас күлсалғыш» табак лоббизмінің индикаторы халықаралық және қоғамдық практикада кеңінен қолданылады, ал Қазақстанда 2012 жылдан бері қолданыла бастады. Танымал антипремияның алғашқы номинанты Азат Перуашев темекі акциздерінен мемлекеттік бюджеттен жоғары кірісті бұғаттағаны үшін тағайындалған болатын, қазір ол өзінің мәртебесін 8 жылдан кейін қайта жаңартып отыр. Енді Коалиция «Лас күлсалғыш» номинанттары туралы ақпаратты STOP-тың (https://exposetobacco.org/news/global-tobacco-index-2020/) танымал халықаралық алаңына ұсынады, ол темекі индустриясының темекіні бақылау жөніндегі мемлекеттік саясатқа араласуын елдердің тиісті индексін жариялау арқылы бақылайды. 2020 жылғы индекске сәйкес (https://globaltobaccoindex.org/country/KZ) Қазақстан 100-ден 63 ұпай «жинады». Бұл темекі лоббизмі қаупінің жоғары деңгейде екенін білдіреді.

Жүктелуде...