
«Енді Kaspi Gold картасын балаға да ресімдеуге болады. Сондай-ақ, сіз балаңыздың телефонына Kaspi.kz қосымшасын орната аласыз. Өзіміздің кішкентай сүйікті клиенттеріміз үшін біз интерфейс пен функционалды барынша оңайлаттық. Ата-аналарға балаларын қолма-қол ақшасыз зат сатып алуға және өз қаражатын басқаруға ерте жастан үйретуге көмектесе аламыз деген сенімдеміз», – деді ол өз сөзінде. », - деді.Ата-ана өзінің Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы баласының ұсақ шығынына ақша аудара алады, жұмсаған ақшасын көре алады, сондай-ақ интернетте зат сатып алуға рұқсатын басқара алады, ДСН-кодын ауыстырып, картаны бұғаттап және бұғаттан шығара алады.
Айта кетейік, бұған дейін елімізде балаларға арналған банк картасы болмаған.
Сұлтан Әбдірасыл