Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
28 желтоқсан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Көліктерді ұрлап, жаңа нөмірмен қайта сатқан күдікті ұсталды

Көліктерді ұрлап, жаңа нөмірмен қайта сатқан күдікті ұсталды

Көліктерді ұрлап, жаңа нөмірмен қайта сатқан күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
 width= Шымкентте 11 көлікті ұрлаған күдікті ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Қазақстанда бір аптада 3 мың қылмыс тіркелді - ІІМ Қызылордада бірнеше мәрте пәтер ұрлығын жасаған тұрғындар ұсталды «Шымкенттік полицейлер бір үлгідегі 11 жеңіл көлікті ұрлап кеткен ұрыны ұстады. Соңғы 4 айда Шымкент қаласының тұрғындарынан полицияға Daewoo Nexia маркалы автокөліктің ұрланғандығы туралы арыз түсе бастаған. Айта кету керек, барлық ұрланған көліктер дабыл белгісімен жабдықталмаған және жарықтандыру мен бейнебақылау камералары жоқ аулалардан ұрланған», - деді ресми өкіл. Оның айтуынша, қылмыстық іздестіру кезінде тергеушілер барлық фактілерді жан-жақты зерделеген. Сыртқы бейнебақылау камераларынан бейнематериалдар алынып, зерделеніп, олар бойынша барлық оқиғалардың хронологиясы қалпына келтірілген. «Нәтижесінде, қылмысты байқатпау үшін көліктерді таңертеңгі сағат 4-тен 6-ға дейін бір адам ұрлағаны анықталған. Ол қалаға кешкі сағат 8-де келіп, қауіпсіздік жүйелері бойынша нашар автокөліктерді іздеген.
 Сонымен қатар ол көліктердің нөмірлерін шешіп, оның орнына интернет арқылы сатып алынған Ресей Федерациясының жалған нөмір белгілерін таққан. Ұрланып, басқа адамдарға сатылған 6 көлікті полиция тәркілеп, иелеріне қайтарып берді. Сондай-ақ, 2 автомобиль бөлшектеліп сатылғаны анықталды. Қалған 3 автокөлік әлеуметтік желілер арқылы сатылған, қазіргі уақытта оларды іздеу жұмыстары жүргізілуде. Тергеу амалдары жалғасады», - деді ресми өкіл.
 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату