Әнші Say Mo: Бұл өмірде жөні түзу енелер болмайды екен

Әнші Say Mo: Бұл өмірде жөні түзу енелер болмайды екен

ашық дереккөзі

 width= Say Mo лақап атымен  қазақстандық рэп орындаушы Мөлдір Есембек  бір ай өтпей Шәріп Серік есімді актермен ажырасқалы жатыр, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Мөлдір Есембек Instagram парақшасында Stories-те бұл тақырыпқа байланысты бар жан сырын ақтарып, ажырасу жайлы шешімге не себеп болғанын ашып айтты. Оның сөзінше, жас жұбайлардың өзара келіспеушілігі актердің анасының қатысы бар екен. Say Mo енесі олардың қарым-қатынасына көп араласа беретінін жеткізді.

 "Бұл өтірікші әйел маған тыныштық берер емес. Мен сіздерге оны мақтағанымда қаты қателескен екенмін. Достар сіздерден кешірім сұраймын, айтқандарыңыз дұрыс болып шықты. Бұл өмірде жөні түзу енелер болмайды екен. Өсекке сеніп, достарының пікірімен жүретін адам. Оның тарапынан болған түрлі жайттарға көз жұмып келдім. Алайда, бұл жолы ол менің ашуыма қатты тиді. Шектен шықты.
Жас жұбайлар әлеуметтік желілерден ортақ суреттерінің барлығын өшіріп тастаған. Сонымен қатар, Мөлдір Есембек кейіннен парақшасында енесі туралы жазбаларын жойды.

Жүктелуде...