

— Жастар – мемлекеттің болашағы. Сондықтан жастарымыз ел дамуына, оның ішінде туған жеріне қызмет етіп, өз үлестерін қосуы керек. Қазіргі таңда Темір ауданында 9144 жас бар, бұл тұрғындардың 24,1 пайызын құрайды. Алдағы бес жылда партия мемлекеттік органдармен бірлесіп, жастардың жұмыспен қамтылуын, олардың шығармашылық және іскерлік тұрғыдан өзін-өзі іске асыруын қамтамасыз ету үшін жағдай жасамақ. Мәселен,біз алдағы жылдары ауданда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін 2,1 пайыздан 2 пайызға дейін төмендету міндетін қойып отырмыз. Сонымен қатар Жақсымай ауылында көп салалы спорт алаңын салу жоспарымызда бар. Бұдан бөлек аудан орталығында 152 пәтерлі коммуналдық-жалдамалы тұрғын үй құрылысын салу, әр жыл сайын тұрғын үй құрылысы үшін 100 жер учаскесін беру қолға алынбақ, — деді ол.Үміткердің айтуынша, 2021-2025 жылдары Кеңқияқ және Шұбарқұдық ауылындағы көпқабатты 3 тұрғын үйді модернизациялау, Шұбарқұдық кентінде кәріз тазарту бекетінің құрылысын жүргізу жоспарлануда.
— Биылғы жыл кім-кімге де оңай болмады. Пандемия кесірінен еліміздегі көптеген кәсіпорындар мен бизнес нысандары шығынға ұшырап, кәсіпкерлік, басқа да салаларда қиындықтар көбейді. Осы қиындықтарға қарамастан, Nur Otan партиясы экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз етуге, жұмыспен қамтылуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға, ауданды қауіпсіз және өмір сүруге ыңғайлы етуге бар күш-жігерін салуда. Бізді барлық тұрғындардың тіршілік деңгейін арттыру үшін ортақ мақсат біріктіреді. Бүгінгі күні барлық азаматтар партияның нақты мәселелерді шешетіндігін, жаңа бастамаларды қолға алатынын біледі. Сондықтан алдағы сайлауда сіздерден осы партияға дауыс беріп, бізді қолдауға шақырамын, — деді Амантай Аймағамбетов.Кездесуде ауыл тұрғыны Базарбай Нұрланұлы партия тарапынан жасалып жатқан жұмыстарға жақсымайлықтардың көңілі толатынын, алдағы сайлауда бірауыздан Nur Otan партиясына дауыс беретіндіктерін жеткізді. — Nur Otan ел тағдыры үшін жауапкершілік жүгін арқалап, халықтың жағдайын жақсарту жолында игі бастамаларға ұйытқы болып, ортақ мүдде жолында күш біріктірді. Партия еліміздің көркейіп, гүлденуіне қомақты үлес қосып келеді. Елдегі тұрақтылық пен тыныштық жаршысы болған Nur Otan партиясының атқарған және алда атқарар жұмысы ұшан-теңіз. Сондықтан біз осы партияны таңдаймыз. Және ел игілігі мен ауылымызды көркейту үшін бірлесіп еңбек ететін боламыз, — деді ол.
Қаржы Nur Otan партиясы Ақтөбе облыстық сайлау қорынан төленді.