Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
27 желтоқсан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Коронавирус пен пневмониядан 11 адам көз жұмды

Коронавирус пен пневмониядан 11 адам көз жұмды

Коронавирус пен пневмониядан 11 адам көз жұмды
ашық дереккөзі
 width= Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 11 адам көз жұмды, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сілтеме жасап. 27 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 22 605 адам короновирус инфекциясынан (10 456 КВИ+ және 12 149 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 5 040 пациент стационарда, 17 565 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ-  шалдыққандар арасында: - 247 адамның жағдайы ауыр; - 52 пациенттің жағдайы өте ауыр; - 48 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр. 2020 жылғы 27 желтоқсанда тіркелген коронавирус белгілері бар пневмония бойынша ақпарат: Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 150 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 107 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 45415, 490 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 32776 жетті.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату