"Есіктен есікке" акция жалғасуда!

"Есіктен есікке" акция жалғасуда!

ашық дереккөзі

 width= Бүгін медицина саласында 45 жыл бойы еңбек еткен Созақ ауданының "Құрметті азаматы", дәрігер-хирург, медицина саласының ардагері Азнаев Әбіләкім ағайдың шаңырағында болып қайттым. Ондағы мақсат - "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттап таныстыру болды. "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының 17 басым бағыттарына тоқталдым: денсаулық сақтау саласының жұмысын реттеп, медицина сапасын арттыру, жастардың дамуына жағдай жасау, болашаққа деген сенімін арттыру, әйелдердің және ерекше қажеттілігі бар адамдарға жағдай жасау, жемқорлықтың тамырына балта шабу, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттырып, мемлекеттің есеп беруін қамтамасыз ету және де тағы басқа басымдықтарды түсіндірдім. Азнаев Әбіләкім ағай партияның мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау екендігін халық арасында үнемі айтып қолдайтынын білдірді.                               «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді

Жүктелуде...