Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
26 желтоқсан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түнгі клубта жарақат алып қайтыс болды

Түнгі клубта жарақат алып қайтыс болды

Түнгі клубта жарақат алып қайтыс болды
ашық дереккөзі
 width= Алматыда түнде Алмалы ауданында орналасқан түнгі клубтың алдында адам өлімі тіркелді деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, үш адам түнгі клубта ішімдік ішкен. Олардың арасындағы сөз дауының арты жанжалға ұласқан. Төбелестің артынан 29 және 28 жастағы ер адамдар пышақ жарақатын алғаны белгілі болды. Олардың бірі өкінішке орай, алған жарақатынан қаза тапқан. Полиция департаменті 36 жастағы күдіктінің қолға түскенін хабардар етті. Қазіргі уақытта бұл жағдай бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 99бабының 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу басталған.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату