Су бетінде пайда болған көбік әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті

Су бетінде пайда болған көбік әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті

ашық дереккөзі

 width= Ресейдің Санкт-Петербург қаласы арқылы ағатын Дудергофка арнасынан су орнына көбік пайда болды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Қала тұрғындары күдік тудырған көріністі бейнетаспаға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялаған. Осыдан кейін жергілікті прокуратура мен Табиғатты қорғау басқармасының инспекторлары химиялық затты заңсыз тастау бойынша іс қозғап, арнайы тергеу жүргізе бастады. Алдын ала мәлімет бойынша бұл кір жуатын ұнтақ болуы мүмкін. Сондай-ақ өзен суынан химиялық сұйықтық шығаруға арналған майлар да табылды. Төтенше оқиғаның анық-қанығы тергеуден кейін белгілі болмақ.

Жүктелуде...