Халыққа пышақмен, садақпен, қарумен шабуыл жасаған: 102 адам көз жұмды

Халыққа пышақмен, садақпен, қарумен шабуыл жасаған: 102 адам көз жұмды

ашық дереккөзі

 width= Эфиопияда Метекель аймағындағы жергілікті содырлардың шабуылынан 100-ден астам бейбіт тұрғын қаза тапты, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап. Атыс қаруымен, пышақпен, сондай-ақ садақ және жебемен қаруланған террористер 23 желтоқсан күні таңертең Бекоджи ауылының тұрғындарына шабуыл жасады. Бейбіт тұрғындарды қыру түске дейін жалғасты, шабуылдаушылар үйлер мен егіндерді де өртеп жіберген. Шабуыл мен өрттің салдарынан 102 адам қаза тапты, кем дегенде 36 адам жараланды. Осыдан кейін бұл аймаққа әскери күштер жіберілді, олар шабуылға қатысқан 42 содырды ұстап, қолдарындағы барлық қаруды тәркіледі. Шабуылдың артында нақты кімнің тұрғандығы туралы әлі айтылған жоқ, бірақ қырғынды ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен бес адам қамауға алынған.

Жүктелуде...