
26 жастағы қаржы пирамидасының директоры салымшылардың 4 миллиард теңгесін алып қашып кетті. Инвестициялық компанияның үстінен шағым түсіру үшін 4 мыңға жуық адам құқық қорғау органдарына жүгінген, деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі
«Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.
Салымшылар көп пайдаға кенелеміз деп ойлады. Оның орнына серіктестік директоры үлкен соманы алып, жоғалып кеткен.
"Бүкіл ел бойынша мыңдаған қазақстандық бұл қаржы ұйымына инвестиция құйды. Біз кем дегенде 4 миллиард теңге деп отырмыз. Инвесторлар құқық қорғау органдарымен кездесу өткізіп үлгерді және инвестицияларын қайтарып алуға үміттенеді», - делінген есепте.
QI-Trade Kazakhstan инвестициялық компаниясы айына 8%-ке дейінгі пайда табуға болатынын айтып, уәде беген. Қаржы институтына шамамен 4 мың адам әкелінді. Адамдар өздерін көрсетуге ұялады, бірақ алаяқтардың желісіне қалай келгендерін айтып берді.
"Ақша салуға менің танысым арқылы сендім, ол бұрынғы адвокат, бұл компанияда барлық қажетті құжаттар болған. Мен есепшотымнан 14 миллион теңгені шешім алдым. Ол ақшаға пәтер алмақ едік. Менің бес балам бар. Менің күйеуім және басқа туыстарым бұл ақшаның қазір жоқ екенін білмейді», - дейді зардап шеккендердің бірі.
Телеарнаның хабарлауынша, QI-Trade компаниясының бас директоры 26 жастағы Нұрлан Сағынбаев.
200 миллион теңгеден астам қаржы салған адамдар бар. Зардап шеккендер полицияға ұжымдық арыз жазды. Компанияның директоры іздеуде.
Прокуратура барлық мән-жайларды тексеріп нақтылауда. Сонымен қатар, ресми мәліметтер бойынша, Қазақстанда QI-Trade сияқты 300-ге дейін компания бар, олардың барлығын тиісті тексеруден өткізуге уәде етілген.