Nur Otan ауыл халқына жақын: «Ауыл - ел бесігі» жалғасын табады

Nur Otan ауыл халқына жақын: «Ауыл - ел бесігі» жалғасын табады

ашық дереккөзі

 width= Әулиекөл ауданында үгіт-насихат жұмыстары аясында «Есіктен есікке науқаны» жалғасын табуда. Бұл акцияға облыстық мәслихатқа «Nur Otan» партиясынан кандидат Олег Владимирович Даниленко қатысты. Үйді аралау барысында тұрғындарға партияның Әулиекөл өңіріндегі сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары түсіндірілді.  width= Партия азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және фермерлерге барынша қолдау көрсету міндеттерін қойып отыр. Сондықтан, аймақ жаңа технологияларды енгізу, өндірісті әртараптандыру және жабдықтау арқылы дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру бойынша жұмысты жалғастырады. Олег Владимирович өз сөзінде партия ауыл тұрғындарының өмір сапасын жан-жақты жақсартуды жақтайтынын атап өтті. Осы бағытта «Ауыл - ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыру жалғасады. 2025 жылға қарай ауыл инфрақұрылымын жаңғырту аудан орталығы мен шалғайдағы ауылдық елді мекендер тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде аудан тұрғындары сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілеріне, таза суға қол жеткізеді.  width=

«Біз 2025 жылға қарай ауданның 18 ауылын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз.Халықты орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілуін 30,3% - дан 45,5% - ға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. 5 ауылда жаңа су құбырларын кезең-кезеңімен салу жоспарда бар. 1,5 мың адам тұратын 13 ауылға сапалы ауыз суды жеткізуді қамтамасыз ету, 2022 жылы Құсмұрын кентінде су құбырының тарату желілерін қайта жаңарту  - осының барлығын біз жоспарға енгізіп, алдағы уақытта міндетті түрде орындайтын боламыз. Сіздердің бізге сенім білдіргендеріңіз үшін алғыс білдіреміз, 10 қаңтар күні сайлауға қатысып, нақты істер партиясы  - Nur Otan үшін дауыс беруге шақырамын»,- деді үміткер.
«Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалының Сайлау қорынан төленді

Жүктелуде...