[caption id="attachment_39099" align="alignnone" width="640"]

http://www.dreamstime.com/-image27792172[/caption]
Екібастұзда Т82 млн-ға бағаланған тендерде жалған құжат пайдалану дерегі анықталды, деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.
«Екібастұз қаласының полициясына ЖШС-лардың бірінің директоры келесі бір ЖШС-ға қатысты Т82 млн астам сомаға жөндеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі ашық тендерге қатысу үшін жалған құжат қолдану дерегі бойынша шағым түсірді», - деді Екібастұздағы полиция басқармасының бастығы Василий Скляр жұма күні.
Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 385 бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды және қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.