Қазақ боксшысы әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

Қазақ боксшысы әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

ашық дереккөзі

 width= Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) кезекті батыл мәлімдеме жасады. Бұл жолы ол екінші орта дивизионда WBA (Super) және WBC чемпионы Сауль "Канело" Альваресті (54-1-2, 36 КО) жекпе-жекке шақырды,- деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Vesti.kz. сайтына сілтеме жасап. Қазақстандық боксшы Twitter желісіндегі парақшасында мексикалық жұлдызды оңай жеңетінін жазды.

"Егер "Канелоны" ешкім жеңе алмайды деп ойлсаңыздар, онда қатты қателесесіздер, онда бәріңіз ұйықтап жүрсіздер. Өтінемін, ояныңдар. Мен оны оңай сабаймын. 2021, QAZAQ STYLE vs MEXICAN STYLE жасайық", - дейді боксшы.
Айта кетейік, Альварес 2021 жылы басқа қазақстандықпен жекпе-жекке шығуы мүмкін. Таяуда Сауль Канело Альварес ұлыбританиялық Каллум Смитті жеңгеннен кейін рингте қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеген болатын. Альварес ешкімнен қашып жүрмегенін айтты.

Жүктелуде...