Министр әнші Бүркітке 42500 теңгеге өтініш тапсыруды ұсынды
Министр әнші Бүркітке 42500 теңгеге өтініш тапсыруды ұсынды
ашық дереккөзі
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова әлеуметтік желіде "карантин жалғаса беретін болса, адамдар аштан өледі" деп айтқан әнші Бүркітке 42500 теңгеге құжат тапсыруды ұсынды деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі КТК телернасына сілтеме жасап.
"Қиындық тууына байланысты, мемлекет жеңілдіктер ұсынып отыр. Сондықтан да мәдениет, архив, спорт, туризм салаларындағы біздің әріптестеріміз өздерінің күнделікті табыстарынан айырылып жатса, мемлекеттің ұсынып отырған әртүрлі көмегін олардың да алуға құқығы бар",- дейді министр. Райымқұлованың әлеуметтік көмек туралы сөз қозғауына әнші Бүркіттің үндеуі түрткі болған сыңайлы.
Еске сала кетсек, әнші Бүркіт президенттен карантин тәртібін жеңілдетуді сұранған. "Егер жеңілдетпесе, халық індеттен емес, аштан өледі",-деген болатын.
Қалай болған күнде де елдегі белең алған жағдай қара халық түгілі, қалталы азаматтарға да оңай тиіп жатпағаны анық.