Депутаттыққа кандидаттар Қарақұм округінің тұрғындарымен кездесті

Депутаттыққа кандидаттар Қарақұм округінің тұрғындарымен кездесті

ашық дереккөзі

 width= Ордабасы ауданындағы Қарақұм ауыл округі 2009 жылғы санақ бойынша 3 мыңнан астам халқы бар, шағын және орта кәсіпкерлігі дамыған, егін, мал шаруашылығымен айналысатын елдімекеннің бірі болып табылады. Ауыл тұрғындары ауызбіршілікте тіршілік етіп келеді. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар: Шойынбаева Ақсәуле, Жанысбеков Ерұлан, Ақылбекова Жанар, Абухайыров Әділет бүгін Қарақұм ауыл округінің тұрғындарымен кездесті. Үміткерлер «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сонымен қоса, аталған партияға сенім артып, алдағы сайлауда дауыс беруге шақырды. Олардың айтуынша, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ауданды дамытудың 7 басым бағыттары, яғни, Экономикалық тұрақты аймақ; Ыңғайлы аймақ; Әлеуметтік қызметке бағдарланған аймақ; Жастарға арналған аймақ; Мәдениеті мен тарихы бай аудан; Ашық және есеп беретін жергілікті органдар; Қауіпсіз аймақ бойынша алдағы 5 жылда қыруар іс атқарылмақ. Қарақұм ауылына қатысты айтар болсақ, 2021 жылы 150 орындық мәдениет Үйі салынып, 2025 жылға дейін ауылға газ тартылмақ.

Жүктелуде...