Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
26 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Петропавлда 26 сәуір күні оңтүстік-батыстан қатты жел соғады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Дауыл тұру ықтималдылығы - 90-95 %.
26 cәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Шығыс, оңтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Дауыл тұру ықтималдылығы - 95-100 %.