Ұшақта кенеттен қайтыс болған ер азамат жолаушыларды шошытты

Ұшақта кенеттен қайтыс болған ер азамат жолаушыларды шошытты

ашық дереккөзі

 width= АҚШ-та Орландодан Лос-Анджелеске бет алған ұшақ бортында коронавирус жұқтырған азамат көз жұмды деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап. Ұшақ дәрігерлері жолаушыны жасанды тыныс алу және 2 адреналин уколы арқылы бір сағат бойы құтқаруға тырысқанымен, ол қайтыс болған. Ал шұғыл қонуға мәжбүр болған ұшақтың барлық жолаушылары өзге рейстермен Лос-Анджелеске ұшып кеткен. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы қайтыс болған адаммен бір салонда болған барлық жолаушыларды іздестіруде. Жолаушылар коронавирус белгілері бар ер адамды ұшаққа отыруға рұқсат берген әуе компаниясын сынға алды. "COVID-19 белгілері бар адамды қалайша ұшаққа отырғыздыңыздар?", "Ол ұшаққа кіргенде дірілдеп, қара терге түсті. Ауырып тұрғаны айдан анық еді, содан кейін ұшақта қайтыс болды", "Жаңа Орлеанға шұғыл қонғаннан кейін біздің өзге ұшаққа отырғызбады. Әуе компаниясы қызметкерлері салондағы қан мен микробтарды сүрткенге дейін біз бірнеше сағат күтіп отырдық", - дейді оқиға куәгерлері. Белгілі болғандай, ер адам ұшаққа отырар алдында бланк толтырып, онда коронавирус белгілерінің жоқтығын көрсеткен. Алайда марқұмның әйелі күйеуіне алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде оның иіс пен дәм сезбей жүргендігін айтқан екен. "Біздің рейс медициналық шұғыл жағдайға байланысты Жаңа Орлеанға қонуға мәжбүр болды. Ал жедел жәрдем қызметкерлері жолаушыны жергілікті ауруханаға жеткізді. Біз оның отбасымен байланыстамыз және жақынының қазасына байланысты көңіл айтамыз. Вирус жұқтырған адамның жүрегі тоқтап қалды. Біз жолаушылардың әрқайсымен байланыстамыз, коронавирустың белгілері анықталған жағдайда олардың Орталықтан көмек алуын бақылауда ұстаймыз.

 Біз қызметкерлер мен клиенттердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қашан да бірінші орынға қоямыз, сондықтан ұшу алдында маскалар тағып, арнайы бланк толтыруды талап етеміз", - дейді әуе компаниясының өкілі.

Жүктелуде...