Мутациялық коронавирус жұқтырған адам тіркелді

Мутациялық коронавирус жұқтырған адам тіркелді

ашық дереккөзі

   width= Германияда мутацияға ұшыраған коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап. Коронавирустың жаңа штаммы Баден-Вюртемергте тіркелген. Мутацияға ұшыраған коронавирус 20 желтоқсанда Ұлыбританиядан Франкфурт-на-Майне әуежайына келген әйелден табылған. Қазір ол үйінде оқшауланып жатыр. Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Мэттью Хэнкок елде таралып жатқан коронавирустың жаңа штаммына қатысты жағдай бақылаудан шыққанын мәлімдеген еді. Айта кетсек, бұған дейін Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон ел астанасы Лондон мен Англияның оңтүстік-шығыс аймақтарында жаңа шектеу шараларын енізуге қатысты мәлімде жасаған еді. Жаңа ережелерге сәйкес, халыққа екі апта бойы еркін жүріп-тұруға рұқсат жоқ. Дәріхана және азық-түлік дүкендерінен басқа сауда орындары, жабық жаттығу залдары жұмыс істемейді.

Жүктелуде...