Министр мәлімдеме жасады: Педагогтардың жалақысы тағы да көбейеді

Министр мәлімдеме жасады: Педагогтардың жалақысы тағы да көбейеді

ашық дереккөзі

 width= Аймағамбетов тек мектеп мұғалімдерінің емес, балабақша, колледж, қосымша білім беру жүйесінің педагогтерінің айлығы көтерілетінін атап өтті, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. 2021 жылдың қаңтарынан барлық педагогтің жалақысы тағы 25 пайызға өседі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

"Биыл президент біздің алдымызға мұғалімдердің жалақысын 25 пайызға өсіру міндетін қойған еді. Біз тапсырманы орындадық. Келесі жылы қаңтар айынан бастап барлық педагогтің жалақысы тағы 25 процентке көбейеді", - деді Аймағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Ол тек мектеп мұғалімдерінің емес, балабақша, колледж, қосымша білім беру жүйесінің педагогтерінің айлығы көтерілетінін атап өтті.

Жүктелуде...