weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
24 желтоқсан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

14 жастағы жасөспірімдер көлік ұрлап қыдырғысы келген

14 жастағы жасөспірімдер көлік ұрлап қыдырғысы келген

14 жастағы жасөспірімдер көлік ұрлап қыдырғысы келген
ашық дереккөзі
 width= Алматы облысында екі жасөспірім Toyota Camry көлігін ұрлап кетті деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, Райымбек ауылының 33 жастағы тұрғыны өзінің Toyota Camry жеке автокөлігі ұрланғандығы туралы арызбен Қарасай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, ол шай ішу үшін үйіне кіріпті. Аз уақытта "жүрек жалғап" қайта шыққанда транспорты орнында болмаған. Кезекшінің, тергеушінің, жедел уәкілдің, криминалистің және патрульдік полиция жасағының құрамындағы тергеу-жедел тобы жылдам іс-қимылдардың нәтижесінде бір сағат ішінде ұрланған машинаны автомобиль базары маңында тоқтатқан. Салонда Алматыда тұратын 14 жастағы екі жасөспірім отырды, дейді полиция. Олар ұрлық жасағандарын мойындап, көлікпен тек қыдырғысы келгендерін жеткізіпті. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 2 бөлімі 200 бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.