Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
24 желтоқсан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Головкин мексикалық чемпионмен ринг бөлісуге сақадай сай

Головкин мексикалық чемпионмен ринг бөлісуге сақадай сай

Головкин мексикалық чемпионмен ринг бөлісуге сақадай сай
ашық дереккөзі
 width= Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен үшінші жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Головкин трилогияға ашық екенін айтты.
"Альварес біздің үшінші жекпе-жекке қатысты пікірін ашық айтты. Ол ең жақсы ұсынысты күткенін жеткізді. Бұл оны мазалайтын ең басты нәрсе. Ол сол ұсынысты қабылдаса - мен үшін де солай - екеумізге де өзімізге ұнайтын ұсыныс түссе, онда үшінші жекпе-жек өтуі мүмкін. Бірақ тараптардың біріне ұсыныс ұнамаса, бұл басқа мәселе. Көп уақыт өтті, жағдай өзгерді, қазір ол басқаша, көзқарас та басқа", - деп жазды The Athletic Головкиннің сөзін.
Еске салсақ, Головкин мен Канелоның 2017 жылы қыркүйекте болған алғашқы жекпе-жегі даулы тең нәтижемен аяқталған еді, ал 2018 жылғы қыркүйектегі екінші жекпе-жекте - мексикалық жеңген еді.  

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату